Кош келдініз Қонақ!
Среда, 26.07.2017, 18:32
Бас бет | Менің профилім | Выход | RSS
| Тіркелу | Шығу

Сайттың менюі

Статистика


Казір сайтта: 1
Конактар саны: 1
Пайдаланушылар саны: 0

Іздеу

Іздеу

Сайтка кіру

Іздеу

Главная » 2011 » Тамыз » 6 » Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары жалғасуда.
18:03
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары жалғасуда.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары жалғасуда.
Мемлекет басшысы «Каустик» АҚ-ның хлор және каустик содасы өндірісінің зауытында болды. Зауыт қызметінің негізгі түріне химиялық өнімдер өндірісі жатады. Шығаратын өнімдері: каустик содасы, гипохлорит натрийі, хлор, тұз қышқылы. Өндірістік қуаты: хлор – жылына 26 457 тонна; натрий гипохлориді – жылына 6 600 тонна, тұз қышқылы – жылына 45 000 тонна; каустик содасы – жылына 30 000 тонна. 2010 жылы 21 желтоқсанда телекөпір режимінде «Хлор мен каустик содасы өндірісін мембрана әдіспен ұйымдастыру және құрылысы» жобасы бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүзеге асырылды. Жобаның құны – 16,2 млрд. теңге. Шикізат базасы – облыс аумағындағы тұзды көл. Кәсіпорында өзге қолданыстағылармен салыстырғанда экологиялық жағынан таза, мембрана технологиясы бойынша әлемдік деңгейдегі жаңа өндірістік технологияны қолдана отырып, каустик содасы мен хлор өндіретін заманауи өндірісі орнатылған. Жоба химиялық саладағы орнықты жұмысты арттыруға, отандық нарықтың сұранысын жекеменшік химиялық шикізатпен каустикпен 80 пайызға, хлор, тұз қышқылы және натрий гипохлоридін 100 пайызға қамтамасыз етуге бағытталған.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен бірге «Энергетик» теннис орталығында болды. Орталық өңірде теннис спортын дамытуға көмек көрсетуге, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар мен халықаралық турнирлерді өткізуге арналған. Орталықтың жалпы аумағы – 3750 шаршы метр. Кешеннің аумағында «Tarafiex» жабық 4 теннис корты, 264 орынға арналған трибуна, ашық ойын алаңы, 150 орынға арналған трибуналы жабық теннис корты бар.

Сапар аяқталғаннан кейін өткізген брифинг барысында, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде күллі еліміз бойынша еңбек өнімділігі мен негізгі экономикалық көрсеткіштер артып келе жатқанын атап көрсетті. Индустрияландыру, әлеуметтік даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, «Жұмыспен қамту-2020» стратегиясы, «Бизнестің жол картасы» жөніндегі барлық міндеттер жоспарланған мерзімде іске асырылуда.

- Өздеріңіз білесіздер, елімізде үдемелі индустрияландыру барысы толық күйінде жүруде. Құны 800 миллиард теңгені құрайтын 152 өнеркәсіп нысаны іске қосылды. Инвестиция бүгінде сапалы нәтиже көрсетуде. Бірінші жартыжылдықта өндірістің өсімі 6 пайызды құрады. Ел экономикасы 7,1 пайызға артты. Осы ретте оның 2,6 пайызын индустриялдық бағдарлама қамтамасыз етті. Қазақстан алға қарай қарқынды дамуда. Тіпті ең күшті сілкіністер кезінде де біздің экономикамыз тұрақты қалпын сақтауда. 160 мың адам жаңадан жұмысқа орналасты, зейнетақы 30 пайызға артты, базалық зейнетақы 50 пайызға көтерілді. 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30 пайызға өсті. Соның өзінде тоқмейілсуге болмайды. Біз бұдан сабақ алып, жұмысымызды жалғастырып, қол жеткізген жетістіктерімізбен тұрып қалмай, тек қана алға қадам басуымыз керек. Павлодар облысының барша тұрғындарына алда да табыстар тілеймін! – деді Мемлекет басшысы.
Категория: Жаңалықатар (КЗ) | Просмотров: 763 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
I was looking eveewyhrre and this popped up like nothing!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]