Кош келдініз Қонақ!
Понедельник, 20.11.2017, 21:46
Бас бет | Менің профилім | Выход | RSS
| Тіркелу | Шығу

Сайттың менюі

Статистика


Казір сайтта: 1
Конактар саны: 1
Пайдаланушылар саны: 0

Іздеу

Іздеу

Сайтка кіру

Іздеу

Главная » 2011 » Тамыз » 6 » Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы метрополитеннің бірінші кезегі құрылысының аяқталу барысымен танысты
17:55
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы метрополитеннің бірінші кезегі құрылысының аяқталу барысымен танысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласындағы метрополитеннің бірінші кезегі құрылысының аяқталу барысымен танысты
Президент Абай мен Төлебаев көшелерін қиып өтетін «Абай» стансасынан Гоголь мен Фурманов көшелерін қиып өтетін «Жібек жолы» стансасына дейін метро вагонында жүріп өтті.

Алматы қаласын дамытудың бас жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген. Метрополитен құрылысын аяқтау және пайдалануға беру үш желі бойынша кезең-кезеңімен іске асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта метрополитеннің бірінші желісі бірінші кезегінің құрылысы аяқталды. Райымбек даңғылында орналасқан метро Фурманов көшесі бойымен Абай даңғылына дейін, одан әрі бұрылыс жасап, батыс бағыттағы Гагарин даңғылына дейін бағыт алады. Бірінші кезеңнің ұзақтығы қос жолтабанға есептелінген 8,56 шақырымды құрайды және оған жеті станса қосылады («Райымбек батыр», «Жібек жолы», «Алмалы», «Абай», Байқоңыр», «М.Әуезов атындағы театр», «Алатау»). Алматы метрополитенін жобалау кезінде қаланың тау-геологиялық жағдайы, сейсмикалық және географиялық орналасуы есептелінген. Метроплитеннің қауіпсіздігі ТМД аумағындағы жетекші институт «Тонелдер мен метрополитендер» (Москва қаласы) «НИЦ» ЦНИИС ААҚ-ы әзірлеген сейсмикалық тоннел құрылымдарының қолданылуымен және «Бетон унд Мониербау» (Австрия) фирмасының стансалық тоннелдер құрылысы кезінде озық технологияны енгізілуімен қамтамасыз етілген. Жобаның жалпы ұзақтығы жерасты тауы арқылы 21,74 шақырымды құрайды.

Сапар аяқталғаннан кейінгі брифинг барысында, Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Алматы – біздің Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі екенін атап өтті. Барлық істердің қайнар көзі осында, егеменді Қазақстанның тарихы осынан бастау алады. Тәуелсіздігіміздің мерейтойына барша еліміз дайындалуда. Қазақстанның динамикалық экономикалық өсімі қайта түледі, еліміздің барлық өңірінде құрылыстар қызу жүргізілуде және дамып келеді. Біз қоғамда бейбітшілік пен келісімді нығайттық, біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты артты.

Тәуелсіздігіміздің 20 жылын Алматы жақсы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен қарсы алады. Он жыл ішінде, 2001-2010 жылдары, Алматының жалпы өңірлік өнімі номиналды түрде 8 есеге артты. Өнеркәсіп өнімінің көлемі нақты түрде осы жылдар ішінде 3,6 есеге артты. Соның ішінде, ерекше маңызды болып табылатын өнеркәсіп өнімін өңдеу сондайлық көрсеткішке өсті. 2001-2010 жылдары мемлекеттік бюджетке Алматыдан түскен түсім көлемі кемінде 6 көбірек есеге – 127 миллиард теңгеден 757 миллиард теңгеге дейін артты. Қала маңызды саналатын Үдемелі индстуриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға белсенділікпен қосылды. Алматыда 2010-2014 жылдары осы бағдарламаға 16 жоба енгізілді. Оның ішінде 4 жоба 2010 жылы іске асты. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 3 кәсіпорын іске қосылды, 2011 жылғы екінші жартыжылдықта тағы 3 жоба іске қосылатын болады. Нәтижесінде тек 2001 жылғы бірінші жыртыжылдықта қалада құны 205 миллиард теңгеден астам өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың тиісінше кезеңінен 21 жарым пайызға көп. Осы ретте Алматының республикалық көлемдегі үлесі бүгінде 2,7 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы Алматы қаласының бюджеті 246 миллиард теңгеден астам қаражатты құрайды. Алматылықтардың орташа айлық номиналды еңбекақысы шамамен 120 мың теңгені құрайды, өткен жылдың осы кезеңінен 7 пайызға артқан. Алматы барлық сала бойынша динамикалық дамуын жалғастыруда. Бүгінде бұл қала - бұдан 20 жыл бұрынғы қаламен салыстырғанда, сапалы өзге қала.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісім, әрбір отбасына құт-береке тіледі.
Категория: Жаңалықатар (КЗ) | Просмотров: 1032 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]