Кош келдініз Қонақ!
Пятница, 28.04.2017, 00:51
Бас бет | Менің профилім | Выход | RSS
| Тіркелу | Шығу

Сайттың менюі

Статистика


Казір сайтта: 1
Конактар саны: 1
Пайдаланушылар саны: 0

Іздеу

Іздеу

Сайтка кіру

Іздеу

Главная » 2010 » Қазан » 25 » Көне заман тенгелері Автор:Ержанов Алимжан
16:57
Көне заман тенгелері Автор:Ержанов Алимжан
Автор:Алимжан Ержанов
Көне заман тенгелері


Мына макаланы мен "Жаңақорған тынысы" газетіне жібердім, 11 қыркүйекте баспаға шықты
.

Көне заман теңгелері

Қазақ хандығының іргетасы XIV ғасырдын
60-шы жылдарында қаланғаны бәрімізге белгілі. Хандықтың ең алғашқы астанасы
Сығанақ болған еді. Сол атақты қаланың қалдықтарының орны біздің ауданымыздың
аумағында орналасқанына біз мактаныш тұтамыз.

Қазіргі таңда ол қаланың орнында археологиялық
қазба жұмыстары жүргізілуде. Бір өкініштісі онда табылған тарихи жәдігерлерді
біз әлі осы күнге дейін көрген жоқпыз. Қазба жұмыстарын Түркістан қаласындағы
Х.А. Ясауи атындағы университет қызметкерлері жүргізіп жатыр. Заңға байланысты
табылған тарихи жәдігерлер жергілікті мұражайға өткізілуі тиіс. Қазба жұмыстарының
жүргізіліп жатқанына бірнеше жыл болғанына қарамастан, осы күнге дейін сол
Сығанақ қаласының орнында қазба жұмыстар барысында табылған жәдігерлердің бірде
– бірі аудандық тарихи-өлкетану музейіне өткізілген жоқ. Осы жәдігерлерді
ауданымызға қайтару жөнінде музей директоры

Н. Шалапов ағамыз
қанша шағымданғанмен ешқандай нәтиже болмай тұр. Сығанақтың тарихы бірнеше
ғасырларға созылады. Бірақ бұл қала жайлы тарихи деректер оншалықты көп емес,
сондықтан қала орнынан табылып зерттелінген жәдігерлер арқылы қосымша мағлұмат
алсақ көп пайдасы болар еді.

Тарихқа жүгілетін болсақ, Сығанақтың
тарихы қазақ хандығының құрылуынан бұрын басталады. Ұлы Жібек жолының бір
тармағы осы Сыр бойымен өткен, сол ерте ғасырларда Сыр бойында бірнеше қала
пайда болған. Соның ішінде Сығанақта бой көтерді. Қалаға байланысты ең бірінші
деректер белгісіз автордың «Худуд аль-алам» (Әлемнің шегі) атты еңбекте
кездеседі. Шыңғысханның жылнамашысы Рашид ад-динның қалдырған дерегі бойынша
Шыңғысханның ұлы Жошы, қаланың халқы оның әскеріне қарсылық көрсеткені үшін
Сығанақты жермен жексен етіп жойып жібереді. Бірақ XIV ғасырдан бастап сол
Жошының ұрпақтары қаланы қайтадан гүлдендіре бастайды. Алтын Орданың бір ұлысы
Ақ Орданың астанасы осы Сығанақ болады. Мұнда арнайы теңге сарайы жұмыс жүргізе
бастаған. Осы күндері аудандық тарихи - өлкетану музейінің қызметкерлерімен
бірлесіп көне заман теңгелерін зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Интернет арқылы
Москва қаласындағы Ресей ғылым академиясының
Шығыстану институты қызметкері Алтын Орда, оның ішінде Жошы әулетінің нумизматикасын
зерттеушісі, қазіргі таңда Сыр бойында орналасқан, аз зерттелген көне қалалар
жайлы зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан тарих ғылымының кандидаты Е. Ю.
Гончаровпен байланысып Сығанақ қаласына қатысты теңгелер жайлы біраз
мағлұматтар жинадық.

Нуизматикалық мағлұматтарға
байланысты Сығанақ қаласында ең бірінші Өзбек ханмен байланысты 1337-1338 жылдары
теңгелер (мыс пұлдар) соғылған, кейін Жәнібек ханнын атынан 1341-1358 жылдары,
Мұбарак ходжа ханның атынан 1367-1368,
Орыс
ханның атынан 1371-1375, Тоқтамыс ханның атынан 1379-1380 жылдары мыс және күміс теңгелер
соғылған. Осы теңгелердің суреттері музей экспонаттарының арасында орын алды. Ал
өзіміздің коллекциямызда «Сығанақта соғылған 784 (1383) жылы»
деп жазылған, және барыстын бейнесі салынған, артқы бетінде Жошы ханның ұрпақтарының
таңбасы белгіленген екі мыс теңге бар. Одан басқа Сығанақ қаласында XV-XVIII
ғасырларда сауда айналымында жүрген теңгелерде кездеседі.

Сығанақ қаласынан басқа ауданымызда көне
Өзгент қаласы, тарихқа бай түрлі елді мекендерде көп. Мүмкін, бұлардың
кейбіреулеріндеде түрлі ғасырларда қалалық немесе мемлекеттік маңызы бар теңгелер
соғылған болар.

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде жергілікті тұрғындар өткізген бірнеше
көне заман теңгелерінің жинағы бар. Соның ішінде ең көнесі VIII ғасырда ежелгі Хорезм
мемлекетінің Афригидтер әулетінің патшасы Хусрау ІІ заманында соғылған
мыс теңге, тағы бірі Фараб (Отрар) қаласында Шамс ад-дунийа
вад-дин Кутлуг Билга хаканның атынан 570 (1175 )жылы соғылған мыс
теңге, одан кейін Бұхар мемлекетінің әміршісі Джани әулетінен шыққан Имам Кули Баһадур
ханның атынан XVII ғасырда соғылған күміс теңге сақталуда.

Ауданымызда бірнеше мектептерде
шағын мұражайлар ашылған. Жәдігерлерге бай осындай мұражай Төменарық
елдімекенінде орналасқан №53 А. Романов атындағы орта мектебіндеде бар. Мұражай
коллекциясында екі көне заман теңгелері сақталған. Зерттеу барысында
анықтағанымыз, Бұхара қаласында 761 (1360) жылы соғылған «санаһу Аллаһ ан-ал Афат –
Алла оны жамандықтардан сақтасын» деген жазуы бар күміс жалатылған мыс
теңге қазырғы таңда зерттеушілерді қызықтыруда, өйткені мұндай теңге
Қырғызстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда кездесетін болса, ал Қазақстанда әсіресе
осы аймақта қазіргі күнге дейін кездеспеген.

Ал екіншісі 1312
(1895) жылы Хиуа ханы Мұхаммед Рахим ІІ атынан соғылған күміс теңге.

Біздің ауданымыздың аумағында табылып
жатқан Хорезм, Алтын Орда мемлекеттері, Бұхар, Хиуа хандықтарында көне заманда соғылған
теңгелердің кездесуі Сыр бойындағы қалалардың сауда-саттығы, мәдениеті дамып,
өзге мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста болғаны жайлы дәлелін көрсетеді. Кез
келген теңге өрнекті жазуларменен, ою-өрнектермен, құстың немесе аңдардың
бейнелерімен ерекше қызықты. Теңге арқылы мемлекеттің, қаланың немесе патшаның
тарихы жайлы біраз мағлұмат алуға болады.

Қорыта келе аудан тұрғындарына
айтатын өтінішіміз, көне заман теңгелерін тауып алсаңыздар, немесе өздеріңізде
сақтаулы болса аудандық тарихи-өлкетану музейіне тапсыратын болсаңыздар
ауданымыздың және мемлекетіміздің тарихын дамытуға үлкен үлес қосар едіңіздер
деген ниеттеміз
.

Категория: "Жанакорган" Сообществосынан | Просмотров: 1956 | Добавил: alik | Теги: Коне тенгелер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]