Кош келдініз Қонақ!
Среда, 27.09.2017, 01:55
Бас бет | Менің профилім | Выход | RSS
| Тіркелу | Шығу

Сайттың менюі

Статистика


Казір сайтта: 1
Конактар саны: 1
Пайдаланушылар саны: 0

Іздеу

Іздеу

Сайтка кіру

Іздеу

Главная » 2011 » Тамыз » 6 » Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдерімен кеңес өтті.
18:07
Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдерімен кеңес өтті.

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Астана, Алматы қалалары мен облыстардың әкімдерімен кеңес өтті.
Кеңес жұмысына Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Аслан Мусин, Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның облыстарының әкімдері қатысты.

Кеңесті аша отырып, Мемлекет басшысы еліміздің экономикалық дамуы жөнінде тиісті бағдарламаның әзірленгенін атап өтті. Ең алдымен, бұл Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, «Жұмыспен қамту», «Өнімділік», «Ауызсу», «Бизнестің жол картасы» және тұрғын үй -коммуналдық шаруашылығы бағдарламалары. Осы бағдарламаларды іске асыруда, индустрияландыру бағдарламасынан басқа, мемлекет тарапынан 165 млрд. теңге бөлінген. Бірқатар өзге бағдарлама іске асырылуда.

Президент өңірлер трансферт түрінде 1,5 трлн. теңге алғанын атап өтті.

- Біз орындаған барлық бағыттар, барлық бағдарламалар қаражатпен қамтамасыз етілген. Енді тек тапсырылған жұмыстардың орындалуын бақылау ғана қалды. Биылғы жылы экономика 7 пайыздық өсу қарқынын одан әрі жалғастыру міндетін жүктеп отырмыз. Бұл – жеңіл міндет емес. Біз әлемдік экономиканың тұрақтылығына кепілдік бере алмаймыз. Кәсіпорынның берілуі мен жұмыс істеуі – егер біздің ресурстарға қатысты баға конъюктурасы өзгерген жағдайда демеу болмақ, - деп атап өтті Президент.

Еліміз бойынша экономиканың өсімі 7,1 пайызға жетті, өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 6 пайызға өсті. Астана қаласында (44,9 пайыз), Ақмола (38,9 пайыз), Жамбыл (28 пайыз) облыстарында және Алматы қаласында (22 пайыз) өнеркәсіп ең көп өскені анықталды. Өнеркәсіп өндірісінің өткен жылғы деңгейге төмендеуі Павлодар (2 пайыз) мен Қостанай (1 пайыз) облыстарында байқалады. Белсенді әрекет етуші шағын және орта бизнес нысандарының қатары 6 пайызға, сауда көлемі – 15 пайызға артты. Халықтың орташа жан басына шаққандағы номиналды ақшалай кірісі 12,5 пайызға ұлғайды. Халықтың ең көп кірісінің өсімі Атырау (20 пайыз), Солтүстік Қазақстан (20 пайыз), Ақмола (17 пайыз) және Қарағанды (15,8 пайыз) облыстарында екені белгілі болып отыр. Номиналды ақшалай кірістің ең төменгі өсімі - Жамбыл (2,4 пайыз) мен Батыс Қазақстан (2,6) облыстарында.

- Биылғы жылдың басынан бері біз зейнетақыны 30 пайызға көтердік, ал соңғы 3 жылда – екі есеге арттырдық, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкелерінің еңбекақысы 30 пайызға артты. Біз дағдарысқа қарамастан осыны жасадық, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Өткен жылы Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы басталды. Бірінші жылы 152 нысан берілді, 25 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Биылғы жылдың басынан бері 114 млрд. теңгені құрайтын 75 инвестициялық жоба іске асырылды. Жылдың соңына дейін тағы 129 жобаны іске қосу жоспарлануда. Сөйтіп, биылғы жылы 204 нысан іске қосылады.

- Жұмыс істеп тұрған бұл нысандар экономиканы дамуға салмақты үлес қоса бастайды. Ең бастысы, олар біздің экономикамызды одан әрі әртараптандыру үшін жүйелі негіз қалайды, - деп қадап айтты Президент.

Мемлекет басшысы индустрияландыру-инновациялық даму мәселесі мен әрбір нысанды экономиканы одан әрі дамыту жөніндегі маңызды мемлекеттік бағдарлама ретінде бақылауда ұстау қажеттігін атап көрсетті.

Президент жанар-жағармай материалдары мен азық-түлікке арналған бағаларға байланысты жағдай ерекше назар аударуды қажет ететіндігіне тоқталды. Жанар-жағармай бағасы бүкіл әлемде өсуде, өйткені мұнай мен газ бағасы өсуде.

- Бұл мәселені адамдарға нақты түсіндіру керек. Өз көршілерімізбен салыстырғанда, жанар-жағармай материалдары ең арзаны бізде. Бұлай ұзақ жалғаса беруі мүмкін емес. Кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыру қажеттігін бәрі білулері керек, ал баға өсе түседі, өйткені әлемде баға өсуде, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент жыл басынан бері барлық өңірде азық-түлік тауарларына бағаның өскені белгілі болғанын атап өтті. Әлеуметтік мәні бар азық-түлік тауарларына бағаның көп өскені Жезқазған қаласында (жыл басынан 15 пацыз) тіркелген. Атырау, Алматы, Талдықорған, Астана және Өскемен қалаларында баға 10-12 пайызға өскен.

- Бірақ, оны себебі жанар-жағармай бағасының өсуімен түсіндірілуін – ешқандай сын көтермейді. Үкімет пен әкімдер аталған мәселемен әзірше жүйелі түрде айналыспай отыр. Мәлімет үшін, бірқатар дамыған елдерде тауарлар мен қызметтер көрсету тізбесіне баға белгілеуді заңнама арқылы анықталады. АҚШ пен Австрияда 10 пайызға дейін, Франция, Жапония, Грецияда – 20 пайызға дейін мемлекет бақылауына алады. Осы ретте ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасына бақылау жасау 50- пайыздан 90 пайызға дейінгі көрсеткішті құрайды. Мен өз Жолдауымда жаңа технологияны қолдана отырып ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2015 жылға қарай 2 есеге арттыру міндетін қойдым. Көп өңірлерде бұл іспен әзірге ешкім айналысып жатқан жоқ. Сіздер көрсін деп, Қазақстанда жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізген өңірлерге сапармен барып жүрмін. Көптеген өңірде көкөніс пен картоп өнімділігі гектарына 15 тоннаны құрайды, ал енді тамшылатып суару негізінде 60-тан 100 тоннаға дейін өнім алуға болады. Ол көкөністерді барлық жерде – солтүстікте, оңтүстікте, батыста, шығыста өсіруге болады. Тамшылатып сурару үшін жабдықтар шығарылуда, бізде технология бар, тәжірибе жетеді. Өткен аптада мен Алматы облысының, Еңбекшіқазақ ауданында болдым. Шаруалар тамшылатып сурару негізінде гектарына 100 тоннаға дейін томат алып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында – 120. Аталған технология өнімнің өзіндік құны мен бағасын тиісінше төмендетуге мүмкіндік туғызады. Жеміс-көкөніс бағасының өсіп отыратыны бірінші жыл емес екені бәріңізге белгілі, алайда, не әкімдер, не Ауыл шаруашылығы министрлігі, тиісті қорытынды шығарған жоқ, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін кеңейтумен айналыспайды. Ағымдағы жылы республика аумағында көкөніс пен картоп егу көлемі ұлғайтылмақ түгілі, керісінше қысқарған (мысалы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары). Бұл жарамсыз іс, - деді Президент.

Мемлекет басшысы әрбір облыста тамшылатып сурарудың заманауи технологиясын ендіру және жылыжай, көкөніссақтау, қайта өңдеумен айцналысатын кәсіпорындар құрылысын жеделдету жөніндегі жобаны бастау қажеттігін атап көрсетті.

Алда тұрған астық жинау науқаны жөнінде Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы бюджеттен ауыл шаруашылығына 177 млрд. теңге, соның ішінде 55 млрд. субсидия және 17 млрд. теңге өңірлерде азық-түлік тұрақтандыру қорын құруға бөлінгенін атап өтті. Егін жинау жұмыстары үшін 400 мың тоннадан астам жағармай жеңілдік бағамен бөлінген. Жиын-терім жұмыстарын табысты ұйымдастыру үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша, 17-17,5 млн. тонна көлемінде астық жинау, соның ішінде 15 млн.тонна бидай жинау күтілуде.

- Мен көп мөлшерде шетел техникасын сатып алуға тапсырма бердім. Бұл ауыл шаруашылығы техникаларын Қазақстанда құрастыру өндірісін түлету үшін қажет. Бұл маңызды мәселе, - деді Президент.

Өсімдіктерді қорғау, зиянкестермен күрес, т.б. мәселе жөніндегі жұмыстарды тамызда күшейту керек. Сонымен қатар ауылдық жолдарды жөндеуден өткізу ауыл шаруашылығын дамытумен тікелей байланысты.

- Далалық жерлерден бастап, элеваторға дейінгі тасымалдау жолдарын қарастырып, жөндеуден өткізу қажет, - деді Президент.

Мемлекет басшысы осы күзден соң, келесі жылды ойлау қажеттігін атап өтті. Бұл жақсы жыл болады. Барлық өнім түрлері бойынша жақсы астық алуға мүмкіндіктер мол. Жәрмеңкені кең ауқымда өткізіп, көкөніс бағасын арзандатып, адамдардың қысқа дайындалуына жәрдемдесу керек. Аудандар қаламен бірлесіп жұмыс істеп, азық-түлікпен қамтамасыз етуге тиіс.

- Қысқа дайындықты бақылауға алыңдар. Коммуналдық қызметке бағаны, Үкімет жүргізіп отырған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасының жүзеге асып жатқанын қараңыздар. Бағдарламаны түсіндірген жерде, ол жұмыс істейді. Жекеменшік үйіңе жөндеу жүргізу үшін жеңілдіктер беріп отырған бізден басқа қандай мемлекет бар? Соны адамдар сезінген кезде бағдарлама жүріп береді. Бір кварталды, бір ауданды, бір үйді алып, мысал келтіріңдер. Адамдарды әкеліңдер, өз үйлерін жеңілдікпен жасап алған тұрғындарды көрсін. Егер біз бұл іспен шұғылданбасақ, онда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта қалпына келтіруді көп жылға созып аламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

- Менің шақыруым бойынша жастар ауылға баруда. Алғашқы жылдары бәрі осы туралы айтты, шақырды, жұмысқа тұрғызды. Алайда одан кейін тыныш бола қалды. Қазір ауылға қандай жастар келгенін, қанша дәрігер, қанша мұғалім келгенін, онда олар қалай жұиыс істеп жүргенін ешкім білмейді. Егер ол жерге білікті мұғалімдер бармаса, онда мектептерді неге салдық, егер ол жерге білікті дәрігерлер бармаса, онда емхананы неге тұрғыздық? Мамандар алмастыру бойынша біз орталықтан – Үкіметтен, министрліктерден 140 жас маманды жергілікті жерлерге – аудандық, облыстық әкідіктерге жібердік. Олар тек маманданып қоймай, өмірлік тәжірибе жинасын дедік. Ал орталыққа жергілікті жерлерде еңбек еткен, ауылда, ауданда, қалада іспен айналысқандарды алу керек. Өңірлерге сапарым кезінде мен осы адамдармен кездескім келеді. Егер олар жұмыс істесе, жергілікті проблеманы терең түсінетін болады. Орталық органдарға тек бастыстың білімін алғандарды ғана емес, бірінші кезекте, жергілікті жерлерде іс жүзінде тәжірибе жинақтағандарды шақыру керек, - деп қадап айтты Мемлекет басшысы.

- СПК жөнінде. Корпорация туралы заңды қабылдадық, капиталдандыруға қажетті қаражатты бөлдік, СПК-ні жергіліті әкімдіктерге бердік. СПК ауылдық аудандарды немен айналысатыны жөнінде әкімдіктер есеп берулері қажет. Ауыл шаруашылығында бәрі қарапайым. Қала маңына орналасқан ауылдар сол қаланы азық-түлікпен жабыдқтаулары керек. Ірі астықты өңірлер өз орасан алаңдарын олар үшін тиімді пайдаланулары тиіс. Жеке қоныстарды дамытуға көмектесу керек. Көкөніс, жеміс жақсы өсетін болса, олар соны өсірумен айналыссын, ал астық өсіретіндер – астықпен, мал шаруашылығымен айналысатындар – мал өсірумен айналыссын. Мен Үкіметке және Президент Әкімшілігіне барлық осы мәселені бақылауға алуды тапсырамын. Астық жинау науқанын аяқтаған соң, барлығын жинап, есеп талап етеміз, қорытынды шығарамыз және кадр бойынша, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету ісі бойынша, өзге де мәселелер бойынша міндеттерді анықтаймыз, - деді Президент.

Жылу маусымына дайындық мәселесі жөнінде Мемлекет басшысы бүгінде қазандықтың 66 пайызына, жылутрассасының 64 пайызына, сумен жабдықтау желісінің 57 пайызына жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Қысқы жағдайда жұмыс істеуге денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік саладағы өзге де мекемелер нысандарының 65 пайызы дайын. Коммуналдық қызметті тұтынуға (10 мдрд. теңге) қарыз өскен. Бұл Алматы, Астана қалаларына, Алматы мен Қызылорда облыстарына тиесілі.

- Әкімдерге алда тұрған жылу маусымына түрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын әзірлеу, олардың тұрақты қызмет жасауын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды мұқият жүргізуді тапсырамын. Семей мен Приозерскіде орын алған жағдай қайталанған жағдайда жеке жауапкершілік тиісті әкімдерге жүктелетін болады, - деді Президент.

Президент Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеу бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап көрсетті.

- Негізгі жұмыс жергілікті жерде жүргізіледі. Адамдар әрбір ауылда, әрбір деревняда жол жағдайының, сумен жабдықтаудың, медициналық қызмет көрсету, білім беру ісінің жақсара түскенін сезінулері тиіс. Әрбір елді мекенде мерейтойлық жылдың лебі сезілуі керек. Барлық еңбек ұжымдарында жақсы ахуал болуы керек. Жас ұрпақ біз қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенімізді біле бермейді. Тәуелсіздік бізге үлкен қиындықпен келді. Абсолютті тәуелсіздік ешқашан болмайды. Интеграция, жаһандық мәселесіне келсек, біз әлеммен орасан байланыстамыз. Тәуелсіз мемлекет құрған кезде, біз бір мемлекет тараған соң кезіккен қиындықтардан өттік. Дүкен сөрелері бос болушы еді, электрстанса жұмыс істемейтін, зейнетақы мен еңбекақы төленбеді. Біз соңғы әлемдік дағдарыстан, Оңтүстік-Шығыс Азия дағдарысынан өттік. Елімізді күллі әлемге таныттық. Өткен жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық еттік. Биылғы жылы ИЫҰ-на төрағалық етудеміз. Үлкен түсінік жұмыстары жүргізілуі тиіс. Халқымыз үшін, адамдар үшін Тәуелсіздіктің 20 жылдығын зор құлшыныспен қарсы алуымыз керек. Мемлекет, Тәуелсіздік, экономика, біздің барлық бағдарламамыздың негізгі мақсаты - адамдардың әл-ауқатын одан әрі арттыру. Әлемде не болып жатқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Үлкен мемлекет дефолт жағдайында, еңбекақы азаюда, зейнетақы азаюда, зауыттар тоқтауда, кәсіпорындар жабылуда, мемлекеттік шығыстар қысқаруда. Бізде экономика әр адамның маңызды ісі болуы керек. Мысалы, бізде диодты шамдар өндірілуде, оларды көшелерді, әкімшілік ғимараттарды жарықтандыруға пайдалану қажет. Электр энергиясын тұтыну 20-30 пайызға қысқаратын болады. Әрине, негізгі тұтынушы, шығыс - өнеркәсіптерде. Егер өнеркәсіп көп энергия тұтынатын болса, онда артта қалған технологияны, ескі техниканы пайдаланғаны. Аз шағын әкелетін технологияны негізу керек. Барлық бағдарлама әзірленген, қаражат бөлінген, орындау керек. Енгізілген нысандар жұмыс істеп, өнім шығаруы тиіс. Барлығыңызға табысты жұмыс тілеймін! – деді Мемлекет басшысы.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Просмотров: 1322 | Добавил: Admin | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]